ШУАҚТЫҢ ШАПАҒАТЫ

ОҚО Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

мұғалімдерінің «Шуақ» желілік қоғамдастығы

 

Мұғалім шеберлігі – оқушы жеңісі

Н.М.Султанбекова

№65 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақстан халқының дамуын қамтамасыз ететін бірден-бір сала  білім жүйесі болып отыр. Олай болса, қоғамдағы өзгерістердің негізін қалайтын да сол білім саласындағы басты тұлға - мұғалім екені анық.  Қазақстан Республикасының Президенті  білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген еді. Олай болса, қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талаптың, оған артылатын жүктің, оған жүктелетін міндеттің де ауқымы кең. Әлемдік қарқынды даму үдерісінің көшімен  қатарласу үшін заман мұғалімнің өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, шығармашылық, ойшылдық қасиеті бар әрі оқушыларын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп, кеңейтілген білім алуға үйрете алатын, әлемдік білім жүйесінің озық үлгілерін өз тәжірибесіне батыл енгізіп, оның отандық білім саласындағы қолданысының тиімділігін арттыра білетін, сол арқылы алдындағы шәкірттерінің білім сапасын арттыруға ықпал ететін қозғаушы күш болуын көздеп отыр. Осы мақстатта мемелекетімізде құзырлы мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған көптеген игі іс-шаралар енгізіліп, олар бүгінгі таңда жүзеге асырылуда.

Подробнее...

ШУАҚТЫҢ ШАПАҒАТЫ

ОҚО Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

мұғалімдерінің «Шуақ» желілік қоғамдастығы

 

Lesson study әдісімен жұмыс барысындағы әр түрлі пән мұғалімдерінен құрылған топтағы  қиыншылықтар

Р.Б.Үсембаева

 №65 мектеп-гимназияның

математика пәнінің мұғалімі

Lesson study бірнеше мұғалімнің (бір пәннің немесе параллель сыныптар мұғалімдерінің) бірлесе проблеманы талқылауы, сабақ жоспарлауы, бір мұғалімнің сабақ өтуі және басқаларының сабақ барысын қадағалауы, сабақтан соң, тәжірибе жайлы мұғалімдердің қайтадан пікірлесуі. Мектептегi тәжiрибе кезеңiнде 9 «В» сынып  пән мұғалімдерiнің  арасында модератор  тобын құрдық. Физика, информатика және математика пәндері  мұғалімдерiнің бiрлесуi бiр жағынан дұрыс құрылған топ сияқты. Ал ендi жұмыс жүргiзе келе, бiр сабақтың жоспарын бiрге құруымыз керектiгi анықталды. Жоспарды құру үшiн қай пәнге құрамыз, қалай құрамыз деген сұрақтар шешiмiн табу керек. Сонымен пәнді таңдадық, ол таңдау - математика. Lesson study зерттеу төмендегi мәселелердi қамтиды:

Подробнее...

ШУАҚТЫҢ ШАПАҒАТЫ

ОҚО Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

мұғалімдерінің «Шуақ» желілік қоғамдастығы

Бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру жолдары

З.Сұраншиева

№ 65 мектеп-гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Іс-тәжірибе барысында әр  коучердің жұмысын жоспарлауда кем дегенде  мұғалімдерден  бес  адамнан болуы керек еді. Өкінішке орай,  мен келісімді уақытта  ешқандай мұғалімді  жинай алмадым.  Себебі  - мектептің  іс-шараларына байланысты бір мұғалімнің қолы босамады, бірінің  отбасына байланысты жағдайы болмады. Қысқасы, бұл тақырып төңерегінде мұғалімдерде қызығушылық болмады. Осыған орай ойлана  отырып, осы мәселені шешу жолдарын қарастырдым. Мұғалімдердің қызығушылығын арттыру үшін, шай үстінде коучер жайында әңгіме қозғауды жоспарладым. Сол жоспарлаған күні  дастарқан мәзірін ұйымдастырдым. Көздеген мұғалімдер осы дастарқан басында бас қосып, тәтті  шай, ыстық күлше жей отырып, әңгімеміз қыза түсті. Сондықтан, құрметті мұғалімдер,  «Күлшелі бала сүйменді»,  - демекші, оқушы тұрмақ, мұғалімнің  өзіне де жұмыс істеуіңіз үшін олардың жағдайын жасап, жағымды ахуал туғызудың оңды жағдайларын өз тәжірибемнен байқадым.  Жұмысымыз нәтижелі болсын десеңіздер, құр бұйыра бермей, жұмыс істеу керек деп жалына бермей, ж алынып соңынан жүгіре бермей,  сондай жақтарын да ойластырып қойғандарыңыз дұрыс екен. Ол сіздердің де,  мұғалімдердің де, басқалардың да жүйкелерін тоздыра бермеуге көмектеседі әрі бірлесе еңбектенуге жағымды орта тудырады.

ШУАҚТЫҢ ШАПАҒАТЫ

ОҚО Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

мұғалімдерінің «Шуақ» желілік қоғамдастығы

 

Ата-аналардан сауалнама алу іс-тәжірибемнен

З.Н.Исаева

№65 мектеп-гимназияның

география пән мұғалімі

Мектеп - тәрбие мен білім ордасы. Осы білім ұйымдарындағы жүргізілетін іс-шаралар барысының ағымында ата-ананың да өзіндік үлесі бар. Бірақ қоғам тек бір сұрыпты адамдардан тұрмайтыны баршамызға аян. Мектеп өмірі, бала тәрбиесі мен үлгерімін мүлде шетке ысырып қойып, бар міндетті сынып жетекшісі мен білім ұйымына жүктеп қоятын ата-аналардың бар екені шындық.

Өркениет әлемі, оқу үдерісіндегі жаңалықтарды түсіндіру барысында, бүгінгі білім саласындағы өзгерістер мен ақпаратты технология жетістіктерін жариялау үшін ата-аналардан сауалнамалар алынды. Осы іс-әрекеттерді жүргізу кезінде мен төмендегідей кедергілерге кездестім:

Подробнее...

ШУАҚТЫҢ ШАПАҒАТЫ

ОҚО Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

мұғалімдерінің «Шуақ» желілік қоғамдастығы

 

Коуч және коучерлермен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру тәсілдері

Н.С.Әлжанова

№65 мектеп- гимназияның

биология пәнінің мұғалімі

Мектептегі тәжірибе кезеңінде өзгеріс енгізу бағдарламасын іске асыру барысында мектепті дамыту үдерісіне қолдау көрсетумен қатар, бірнеше кедергілерді жою мақсатында да қолдау қажет екендігін түсіндім. Мен тәлімгерлік жұмыс жасау барысымда сабақ кестесі бойынша көптеген кедергілерге тап болдым. Мысалы, коучингтер өткізу барысында мұғалімдердің сабақ кестесінің тығыздығына байланысты уақыттарының болмауы. Оның себебі - педагогикалық шеберлік орталығында бірнеше әріптестеріміздің I-II деңгейлік бағдарламасы бойынша кәсіби деңгейін арттыруына орай осы мұғалімдердің орнына сабақ өткізуі. Олардың уақыттарының жетіспеушілігі менің жұмыс жасауыма үлкен кедергі келтірді. Осы кедергіні шешу жолдарын қарастыру барысында мұғалімдерге қызығушылық туғызатын әңгімелер жүргізу, жағымды ахуал жасау, жұмыс тақырыбына қажетті түрлі бейнеороликтер көрсету арқылы жұмыс уақытынан кейін, яғни кешкі уақытта жиналып, коучинг сабақтар ұйымдастырдым.

Подробнее...