65 schoolМектеп  төлқұжаты

1. Мектептің атауы: Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

2. Мектептің ашылуы:  1991 жыл

3. Орналасқан  жері: Шымкент қаласы «Сайрам» мөлтекауданы

4. Оқыту тілі: қазақ тілінде

5. Мектеп типі: орта мектеп

6. Мектеп құрылысы: 1991 жыл.

7. Сыйымдылығы: 9082,6 м2

8. Ғимарат типі: типтік

9. Оқушы саны: 3319

І ауысым:  0810-1400  , 52 сынып комплекті,   1684 оқушы,

ІІ ауысым:  1415-1915,48  сынып комплекті, 1635 оқушы

10. Оқу кабинеттерінің саны: 58

11. Асхана: 80 орындық

12. Спорт залы: 2

13. Мәжіліс залы: 1

14. Кітапхана: 1

15. Компьютерлік класс: 2

65-school16. Samsung school: 1

17. Физика кабинеті: 2

18. Химия кабинеті: 2

19. Биология кабинеті: 2

20. Мультимедия кабинеті: 1

21. Мультимедиялық лингафонды кабинет: 1

22. Жаңа тұрпатты мультимедия кабинеті: 1

23. Интерактивті тақта: 11

Жаңа тұрпатты мектеп атағын алған жылы  1993 жыл  8 желтоқсан,  көркем-эстетикалық кешенді лицей-мектебі.1996 жылы гуманитарлық-эстетикалық гимназия-мектебі. 2009 жылдан мектеп-гимназия.

2012 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы

10 мамырдағы №82 бұйрығы негізінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін енгізетін 35 базалық мектептің  бірі.

 

Кадр туралы мәлімет

teachersЖалпы мұғалімдер саны:   210

Негізгі:197

Қосалқы:13

Жоғары санатты:   97

Бірінші біліктілік санатта:   34

Екінші біліктілік санатта:  38

Біліктілік  санаты жоқтар:   41

Біліктілікті арттырудың деңгейлік бағдарламасы:

ІІІ базалық деңгейде – 22 мұғалім

ІІ негізгі  деңгейде – 15 мұғалім

І ілгерінді деңгейде  –  24 мұғалім

directorМектеп директоры:  Кәдірбаева Қатира Қырғызбайқызы

Білімі: жоғары

Мамандығы:  физика –математика  пәнінің  мұғалімі

1992 жылдан бері мектеп директоры. «Құрмет» орденінің иегері

Қазақстан Республикасы  Білім беру ісінің үздігі

Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті қызметкері

 

№65 мектеп-гимназияның  басты жетістіктері

  • Ø  1995 жылы мектеп Алматы қаласында өткен «ІІ республикалық тәрбие жүйесінің моделін қорғау» байқауында «Оқушылардың тәрбиесіндегі мәдениеттану, дүниетаным диалектикасын қалыптастыру» атты тақырып бойынша І орын.
  • Ø  1997 жылы АҚШ-тың Колорада штатындағы Спринс қаласында өткен халықаралық  ойында мектеп командасы І орынды иеленді.
  • Ø  1998 жылы облыстағы алғашқы 4 «Алтын белгінің» бірін осы мектептің түлегі иемденсе, қазір олардың саны 113-ға жетіп отыр. Ал мектепті үздік аттестатқа бітірген оқушылар саны – 116.
  • Ø   «Білім ұясы – 2001» Республикалық байқауының «Таңдаулы жыл мектебі» номинациясы бойынша Бас жүлде.
  • Ø  2004 жылдан бастап  жыл сайын ЮНЕСКО-ның «Балалар әлемді бейнелейді»  альбомына оқушылардың жұмыстары ендіріліп келеді.
  • Ø  2005 жылдан бері «Ақбота» республикалық интеллектуалдық марафонда 325  оқушы жүлделі орындарға ие болып,12 оқушы Санк-Петербург қаласына жолдаманы жеңіп алды. 98 оқушы халықаралық «Золотое Руно» байқауында, 85 оқушы халықаралық «Кенгуру» байқауында жүлделі орындарды иеленді.
  • Ø  2009 жылы басталған І Қазақстандық бастауыш сынып оқушыларының «Бастау» республикалық математикалық турнирінде Д.Тойбазаров, 2010 жылы Д.Дұрысбек І орынды, 2011 жылы Д.Дұрысбек,       А.Қырғызбай І орынды,2012 жылы А. Қырғызбай,Р. Темірхан 2014 жылы  Д.Сейсенбеков   жүлделі I,II орындарды  ұтып алды.
  • Ø  2009 жылы облыс әкімінің «Үздік мектеп – 2009» номинациясын иегері.
  • Ø   2010ж. «Мектепті басқарудың үздік үлгісі» атты республикалық байқауда       І орын.
  • Ø  1994 жылдан бері түрлі бағыттар бойынша 12 рет республикалық және халықаралық семинарлар өткізілді
  • Ø   Елбасының «»Болашақ» бағдарламасы бойынша бакалавриатта 25,  магистратурада 8,  докторантурада 1 түлегіміз оқуға қол жеткізді.
  • Ø  2013 жылы республикалық ғылыми жоба жарысында С. Ысқақ тілтану секциясы, Ж.Рысалы тарих секциясы бойынша ІІ, III орынды жеңіп алса,республикалық  байқау бүгінгі күнге дейін 21 оқушының мерейін асырып, жеңіс әкелді. Республикалық Кіші ғылым академиясында  92 оқушы жүлделі орынды иеленіп, мектеп мәртебесін асқақтатты.
  • Ø  2013жылы қалалық оқушылардың пән олимпиадасында 28 жүлделі орынды иеленіп, қала мектептері арасында алғашқы орыннан көрінсе,10 оқушы облыстық пән олимпиадасының жүлдегері атанды. 2 оқушы  республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы.
  • Ø  2013 жылы "Ақбота" байқауында 63оқушы жүлделі орындарды иеленсе,"Алтын жабағы " интеллектуалдық байқауында 18 оқушы жүлделі I орынды, 23 оқушы ІІ орынды, "Ағылшын бульдогі"байқауында 17 оқушы I орынды, 14 оқушы II орынды иеленген.
  • Ø  2013 жылы Париж қаласында,2014 жылы Швецарияда өткен үлкен математикалық олимпиадада 5 сынып оқушысы А. Қырғызбай жүлделі I,ІІ орынды иеленсе, "Жас математик" олимпиадалық резерв мектебінің қысқы математикалық ойындарында А.Қырғызбай I дәрежелі дипломды, А. Сериков, Т.Хамитбеков III дәрежелі дипломды жеңіп алды.
  • Ø  2013 жылы Болгария мемлекетінің ұйымдастыруымен «Жұлдызды  математик» пән олимпиадасында 6 оқушы (алтын медаль) 5 оқушы (күміс медаль) 4 оқушы (қола медаль) иеленді.
  • Ø  2013 жылы Болгария қаласында өткен Халықаралық «Интеллектуал- 2050» атты математика пән олимпиадасында 5-сыныптан  4 оқушы,9 сыныптан 2 оқушы  ІІ, III  орынды иеленді.
  • Ø  2014 жылы Болгария мемлекетінде  Болгария академиялық математика  және информатика институтында өткен Халықаралық математика олимпиадасында   9 сынып оқушысы жүлделі ІІ орындармен марапатталды
  • Ø  2014 жылы Мәскеу каласында  Мис ИС инстутында  өткен интеллектуалдық-2050 математикалық олимпиадасында II дәрежелі дипломмен 5-сыныптың 2 оқушысы марапатталды.
  • Ø  2013 жылы Астана қаласында Республикалық  «Экспо-2017»  балалардың көзімен тақырыбы шеңберіндегі «Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты ғылым және техниканың халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумына 10-сыныптың 2 оқушысы  жүлделі орындарды иеленді.
  • Ø  2013 жылы 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары  "Зерде" IX Республикалық конкурсында "этномәдениеттану" бағыты бойынша  3-сыныптың 2 оқушысы, "биология" бағыты бойынша 5-сыныптың 2 оқушысы , "астро-физика" бағыты бойынша 7-сыныптың 2 оқушысы жүлделі І,ІІ орынды иеленді.
  • Ø  2013 жылы Ақтөбе қаласында өткізілген «Қазақстан – менің елім» өлкетанушылар, натуралистер және туристердің Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында 2 оқушы Туризм және спорт ЖОО-ның оқу грантын (350000 т ) жеңіп алды .
  • Ø  2014 жылы «Өрлеу» БАҰО    «Ең үздік «Өрлеу»  мектебі» номинациясын жеңіп алды.
  • Ø  2014 жылы республикалық шығармалар байқауында 9 сынып оқушысы А. Тоқтыбай I орынды жеңіп алды.
  • Ø  2014 жылы Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Н.Назарбаев мектебінде өткен «Болашаққа қадам»  атты оқушылардың II Республикалық Ғылым фестивалінде 9-сыныптың 2  оқушысы, 10-сыныптың 2 оқушысы физика пәнінен,  9-сыныптың 2 оқушысы экономика пәндері бойынша фестиваль лауреаттары атанды.
  • Ø  2014 жылы Байқоңыр қаласында өткен "Открываем мир науки" оқушылардың ғылыми жоба байқауында 10 сыныптың 2 оқушысы ІІІ орынмен марапатталды.
  • Ø  2014 жылы облыс көлемінде өткізілген көшбасшы  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» байқауында жүлделі орынды алған 6-сыныптың 2 оқушысы  республикалық байқауда апта жеңімпазы атанды.
  • Ø  2014 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткен облыстық сызу пән олимпиадасында жүлделі орынды   9-10 сыныптың 6 оқушысы жеңіп алды.
  • Ø  2013 жылы Берлин қаласында өткен «Звездный дождик» атты байқаудың жүлдегері ретінде Е.Есенов Венгрияда өтетін байқауға жолдама алды Прага қаласында өткен «Звездный дождик» байқауында Дана Майдан І орынды иеленді.
  • Ø  2013 жылы Грецияның Афина қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдыған арналған мерекелік іс-шараға елшіліктің арнайы шақыртуымен Е.Есенов, Д.Майдан, А.Жұман қатысып,өз өнерлерін көрсетті.
  • Ø  2013 жылы «Бөбек» қоры ұйымдастырған «Биік ойлар аспаны» республикалық байқауда  6 6 оқушы I,II орынға ие болды. «Бөбек» қоры ұйымдастырған  «Жер шары- біздің ортақ үйіміз»  байқауында сурет пәнінен жүлделі орындарға  4 оқушы ие болып, Алматы қаласында демалып қайтты
  • Ø  2013 жылы «Налоги – глазами детей»  Республикалық балалар сурет байқауында №65 мектеп-гимназия ұжымы, мектеп директоры,     2 оқушы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық департаментінің  І дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
  • Ø  2013 жылы мектеп  командасы қоғамдық пәндер бойынша «Мен Қазақстанның азаматымын» атты облыстық байқауда                 3 рет бас жүлдені жеңіп алды
  • Ø  2013 жылы дәстүрлі республикалық «Жас дарын» жасөспірімдер мен балалар арасындағы  ән-би байқауында 3 оқушы жүлделі      І орынды иеленді.
  • Ø  2013 жылы «Ұрпақтар сабақтастығы – дәстүр жалғастығы»  атты облыстық байқауда Шымкент қаласы оқушыларының атынан қолөнер сайысынан сынға түскен      3 оқушы облыс әкімінің арнайы тағайындалған сыйлығын (85000 теңге) жеңіп алды.
  • Ø  2013 жылы балалар құқығын қорғау комитетімен  мен  «Проктер энд Гэмбл Казахстан» компаниясы  ұйымдастырған «Рақмет, анашым!» ұлттық шығармалар сайысында 10 сынып оқушысы Хамыт Ахмедияр Бас жүлдені,  бағалы сыйлық ноутбук иеленді.
  • Ø  2014 жылы VІ Халықаралық «Ақ көгершін»  байқауында А.Умиралин халық аспаптары бойынша  «Бас жүлдені», «Күй құдірет» домбырашылар ансамбілі ІІІ орынды, Д.Диас вокал бойынша І орынды, 10 оқушы байқау лауреаты атағын иеленді 2013 жылы  V Халықаралық «Ақ көгершін»  байқауында Е.Есенов «Бас жүлдені», «Балауса» тобы I орынды, «Ерке» тобы II орынды, Н.Изенов              III орынды иеленді
  • Ø  2014 жылы "Великий-Устюг" қаласында өткен «Үміт жағалауы» Халықаралық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауында " Армандастар" би тобы  Бас жүлдені иеленді.
  • Ø  2010 жылы тамыз айында Сингапурда өткен олимпиадада ауыр атлетикадан  алтын медальді иеленген Ж.Жаппарқұл- осы мектептің түлегі.
  • Ø  2013 жылы Тайландта өткен 16-17 жасар жасөспірімдер арасындағы каратэдан Азия чемпионатында А.Төлтай І орынды, 7-сынып оқушысы көркем гимнастикадан Қазақстан біріншілігінде    Р.Керембек І орынды, мәнерлеп сырғанаудан 8-сынып оқушысы Д.Төлекова Қазақстан біріншілігінде   ІІ орынды, иеленді.
  • Ø  Мектеп оқушылары мен мұғалімдері жыл сайын өткізілетін спартакиадада спорттың  5 түрі бойынша   3 жыл қатарынан   І орынды иеленуде.
  • Ø  2013 жылы «Каратэ – шотаканнан» халықаралық байқауда 19 оқушы жүлделі орынды иеленді.
  • Ø  2013 жылы Дубай қаласында өткен Халықаралық мәнерлеп сырғанау олимпиадасында 9-сынып оқушысы Тулекова Данель 1-орынды (алтын медальді) иеленді
  • Ø  2013 жылы Дубай қаласында өткен Халықаралық мәнерлеп сырғанау олимпиадасында 9-сынып оқушысы Тулекова Данель 1-орынды (алтын медальді) иеленді